Хабарландыру » Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2" акимата г.Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«№2 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 61-27-02
Есепші:
+7 (7232) 61-25-88
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
тамыз
2022

Хабарландыру

Бекітемін:

Шығыс Қазақстан облысы білім 

басқармасы Өскемен қаласы 

бойынша білім бөлімінің «№2 жалпы 

білім беретін мектеп» КММ 

директоры

____________ Ж.Омарова



Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№2 жалпы білім беретін мектеп» КММ

мемлекеттік білім беру ұйымы педагогтары лауазымдарына бос жұмыс орындарға конкурс жариялайды


Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттің бірінші басшылары мен педагог қызметкерлерін лауазымдарға тағайындау, қызметтен босату қағидаларын бекіту туралы» № 57 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы  568 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жыл 19 қарашадағы №568 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 22 қарашадағы № 432 «Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық тағайындау және мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшылары лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бірлескен бұйрығына сәйкес өткізіледі. 


Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№2 жалпы білім беретін мектеп» КММ

мемлекеттiк бiлiм беру ұйымының педагог қызметкерлерiнiң бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

- бастауыш сынып мұғалімі (функционалдық міндеттері: мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшеліктерін ескере отырып, білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеуді қамтамасыз етеді; лауазымдық жалақысы мамандығы бойынша еңбек өтіліне және біліктілік санатына байланысты 130 000 теңгеден);

- математика пәнінің мұғалімі (функционалдық міндеттері: мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшеліктерін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді қамтамасыз етеді; лауазымдық жалақысы мамандығы бойынша еңбек өтіліне және біліктілік санатына байланысты 130 000 теңгеден);

- информатика мұғалімі (функционалдық міндеттері: мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшеліктерін ескере отырып, білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеуді қамтамасыз етеді; лауазымдық жалақысы мамандығы бойынша еңбек өтіліне және біліктілік санатына байланысты 130 000 теңгеден);

- орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі (функционалдық міндеттері: мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшеліктерін ескере отырып, білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеуді қамтамасыз етеді; лауазымдық жалақысы мамандығы бойынша еңбек өтіліне және біліктілік санатына байланысты 130 000 теңгеден); 

- аға тәлімгер (функционалдық міндеттері: білім беруді ұйымдастыруда бұқаралық мәдени, патриоттық жұмыстарды жүргізеді, сынып жетекшілеріне тәрбие жұмысын, балалардың тәрбиелік бос уақытын ұйымдастыруға көмектеседі; лауазымдық жалақысы мамандығы бойынша еңбек өтіліне байланысты 127 000 теңгеден)

Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары:

мамандығы бойынша жұмыс өтіліне қойылатын талаптарсыз жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), орта арнаулы педагогикалық білім;

- пәннің мазмұнын, оқу үрдісін, оқыту мен бағалау әдістерін білу;

- оқушылардың психологиялық және жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлау және ұйымдастыру;

- оқушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оның әлеуметтенуіне ықпал ету;

- білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысуға;

- білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, білім беру мен оқытуда жеке көзқарасты жүзеге асыру;

- кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын меңгеру, цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің соңғы мерзімі және қабылдау орны:

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№2 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бос лауазымдарға орналасуға құжаттарды хабарландыру жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде 10.08.2022 ж. дейін қабылдайды. 

Конкурстық құжаттарды school2@edu.oskemen.kz электронды поштасына немесе қағаз түрінде Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, индекс: 070007, Мұхамеджан Тынышпаев көшесі, 113 мекенжайы бойынша, 1 қабат, қабылдау бөлмесіне жіберуге боладытел.: 8(7232) 61-27-02.


Конкурстың өтетін күні: 2022 жылдың 18 тамызы.

Конкурстың өтетін орны: 

Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№2 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Мұхамеджан Тынышпаев көш., 113.

Конкурсқа қатысу үшін үміткер электронды немесе қағаз түрінде құжаттар тізбесін ұсынуы қажет: 

  1. қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысуға өтініш 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша; 
  2. жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттама қызметінің электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін);
  3. кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парағы (нақты тұрғылықты жерінің мекенжайы мен байланыс телефондары – бар болса);
  4. Педагог қызметкерлердің үлгілік біліктілік сипаттамаларында бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  5. еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
  6. «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысандағы денсаулығы туралы анықтама. (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
  7. психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
  8. наркологиялық ұйымнан анықтама;
  9. Ұлттық біліктілік тестілеуінің сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-шебер біліктілік санатының сертификаты (бар болса);

10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтың бос лауазымына орналасуға үміткердің толтырылған Бағалау парағы.

Жоғарыда көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы кандидатқа құжаттарды қайтару үшін негіз болып табылады.

Үміткер бар болған жағдайда оның білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілікті арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми немесе әдістемелік басылымдар, біліктілік санаттары, алдыңғы жұмыс орын басшылығының ұсыныстары) ұсынады. 


Анықтама үшін байланыс телефондары: тел. 61-27-02, электронды адрес: school2@edu.oskemen.kz