Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№2 жалпы білім беретін мектеп» КММ Қамқоршылық кеңесі отырысының №1 хаттамасы » Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2" акимата г.Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«№2 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 61-27-02
Есепші:
+7 (7232) 61-25-88
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№2 жалпы білім беретін мектеп» КММ Қамқоршылық кеңесі отырысының №1 хаттамасы
01
қаңтар
2022

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№2 жалпы білім беретін мектеп» КММ Қамқоршылық кеңесі отырысының №1 хаттамасы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№2 жалпы білім беретін мектеп» КММ 

Қамқоршылық кеңесі отырысының 

№1 хаттамасы 


2022 жыл 1 қыркүйек


Қатысқандар: Қамқоршылық кеңесінің мүшелері 15 адам

Қатыспағандар: жоқ


Күн тәртібі: 

  1. Қамқоршылық кеңестің алдыңғы 2021-2022 оқу жылындағы қызметінің қорытындылары. 2022-2023 жылдарға арналған жұмыс жоспарын бекіту (Шатанова Г.Р.  ҚК төрағасы)
  2. 2022-2023 оқу жылына арналған жұмыс оқу жоспарын келісу. 2022-2023 оқу жылында оқытуды ұйымдастыру туралы. Мектеп формасына қойылатын талаптар. Оқу кестесі және апталық жүктеме. (мектеп директоры Омарова Ж.М.)
  3. Әлеуметтік осал санаттағы балаларға тегін ыстық тамақ ұйымдастыру (директордың ТІ жөніндегі орынбасары Мухаметчанова Н.О.)

4.     Жазғы кезеңде жүргізілген жөндеу жұмыстары туралы (директордың ӘШБ бойынша орынбасары Тиунова Е.В.)


1.1 ТЫҢДАЛДЫ:Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Шатанова Г.Р..

Ол Қамқоршылар кеңесінің 2021-2022 оқу жылындағы қызметін қорытындылады. Қамқоршылық кеңес мүшелеріне Қамқоршылық кеңестің 2022-2023 жылға арналған жұмыс жоспарын жасау және бекіту туралы мәселені талқылауға шығарды.

1.2 ШЕШІМ: 

Қамқоршылық кеңес қызметінің қорытындылары туралы ақпарат назарға алынсын.

Қамқоршылық кеңестің 2022-2023 жылдарға арналған жұмыс жоспары бекітілсін


  1. ТЫҢДАЛДЫ:  мектеп директоры Омарова Ж.М.

Жанат Мухтаровна Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№2 жалпы білім беретін мектеп» КММ оқу жұмыс жоспары «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына және «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына (12.08.2022 ж. №365 енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен) сәйкес жасалғанын айттыОл педагогикалық кеңестің 31.08.2022 жылғы №1 шешімімен таныстырды - бес күндік оқу аптасы және 0-11 сынып оқушыларының сабақ кестесі бекітілсін.

2.2 ШЕШІМ:

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№2 жалпы білім беретін мектеп» КММ қызметкерлері мен оқушылары үшін ішкі тәртіптің үлгілік қағидалары бекітілсін. 

9-11 сынып оқушыларының бес күндік оқу аптасын және сабақ кестесін және 0-8 сынып оқушылары үшін бес күндік оқу аптасын бекіту назарға алынсын.

Дауыс берді: «Қолдады» – 15 адам, «Қалыс қалды» – 0, «Қарсы» – 0 адам. 


3.1 ТЫҢДАЛДЫ: директордың ТІ жөніндегі орынбасары                Мухаметчанова Н.О.

Ол азаматтардың жекелеген санаттарындағы оқушылардың ата-аналарына тегін ыстық тамақ беру үшін берілген мемлекеттік қызмет бойынша қажетті құжаттар ұсынылғанын хабарлады. Ол Қамқоршылық кеңес мүшелеріне Жангудиевтер көпбалалы отбасының балаларына ыстық тамақ ұйымдастыруға көмек көрсету туралы өтініш білдірді. Өйткені жалақы туралы анықтама және табыстар туралы анықтама бойынша ай сайынғы жан басына шаққандағы табыс 37520 теңгені құрайды, бұл ең төменгі күнкөріс деңгейінің 37389 сомасынан 131 теңгеге асады. Осыған байланысты балаларға мектеп асханасында ыстық тамақ ұйымдастыру түрінде көмек көрсету қажет. Қазіргі уақытта 11 өтініш берілді. Аз қамтылған және көп балалы отбасылардың барлық оқушылары (34) мектеп формасымен және аяқ киіммен қамтамасыз етілді. 25 оқушы кеңсе тауарлары бар сөмкелер алды.

3.2 ШЕШІМ:

Ақпарат назарға алынсын.

2022 жылғы 2 қыркүйектен бастап мектеп асханасында 10-сынып оқушысы Р.Жангудиевке, 8 «Б» сынып оқушысы А. Жангудиевке тегін ыстық тамақ берілсін.

Дауыс берді: «Қолдады» – 15 адам, «Қалыс қалды» – 0, «Қарсы» – 0 адам.


4.1 ТЫҢДАЛДЫ: Тиунова Е.В.

Ол мектепте ғимаратты күрделі жөндеу жоспарланғанын айтты. Қаржыландыру бөлінбегендіктен, косметикалық жөндеу жүргізілді.


4.2 ШЕШІМ:

Ақпарат назарға алынсын.



Қамқоршылық кеңес төрағасы:                                                    Шатанова Г.Р.

 (қолтаңбалар мен мөрлер бар)


Қамқоршылық кеңес хатшысы:                                                   Мурзашева Д.М.